Алматыда аудан тұрғындарынан жол сапасын бақылау сұралды

Фото: Almaty_Joly

Оңтүстік астананың Бостандық ауданында жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға "халықтық бақылауға" қатысу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік астананың Бостандық ауданында жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға "халықтық бақылауға" қатысу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол жөндеу жұмыстарының барысы мен көшелердің жабылу уақыты туралы ақпарат тарататын Almaty_Joly Telegram-арнасы, Бостандық ауданында жоспарланған 30 мың шаршы метр жолдың 16,7 мың шаршы метрі жөнделгенін хабарлады.

Арайлы көшесі, Центральная көшесі, Салтыков көшесі және т.б. қосқанда 25 көшеде жөндеу жүргізілген.

Реклама
Реклама

"Ауданда барлығы 100-ге жуық көше ағымдағы жөндеуден өтеді. Жұмыс аудан әкімдігінің бақылауында, бірақ сіздің де атсалысқаныңыз артық емес. Шұңқырлар, ойықтар мен жол төсемінің зақымданғанын көрсеңіз, аудан әкімдіктерінің телеграм чатына немесе +7 747 870 1280 нөміріне жүгінуге болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама