ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2021 | 17:46
Алматыда аудиоқойылымға қатысушылар ұсталды
Алматыда полиция қызметкерлері "Куда дальше" аудиоқойылымына қатысушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда полиция қызметкерлері "Куда дальше" аудиоқойылымына қатысушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудиоспектакль ұйымдастырушылар 19 желтоқсанда Алматы қаласының Медеу ауданы полиция басқармасының полицейлері шараға қатысушыларды ұстап алып кеткенін мәлімдеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар Луганск көшесінде интерактивті және театрландырылған қойылым құралдарын пайдаланып, құлаққап тағып, экскурсия өткізген.
"Олардың жеке куәліктері болды, қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ. Оларды жағдайды анықтау үшін қойылым аяқталғаннан кейін бірден құралдарымен бірге алып кетті. Бір азамат Тәуелсіздік күні қарсаңында митинг болғанын хабарлап, әлеуметтік желілерімізді қарап, тексеруді талап еткені айтылды. Мен полицейлерден бұл өтінішті көрсетуін өтіндім, олар көрсетпеді, өтініш берушінің тегі де хабарланбады", - дейді аудиоқойылым ұйымдастырушысы.
Ұйымдастырушылар іс-шараларды 2021 жылдың тамызынан бастап Алматы қаласының Медеу ауданындағы орталық көшелерде өткізіп жатқанын айтты. Жүріп өтетін бағыт қала әкімшілігімен келісілген.
"Осы жобаны ұйымдастырушы, біздің бұрыннан келе жатқан досымыз Анна Шелеповамен келіссөз жүргіздік. Алматы қаласының Полиция департаменті өз кезегінде спектакль ұйымдастырушысының шақыруын ықыласпен қабылдап, мегаполис тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін одан ары бірлескен жемісті ынтымақтастық жүргізуге сенім білдіреді", - деп нақтылады Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также