14 қаңтар 2020 | 09:00

Алматыда әуе апатынан зардап шеккен алты адам ауруханадан шықты

Алматы маңында құлаған Bek Air әуекомпаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырау салдарынан зардап шеккен тағы 6 адам бүгін ауруханадан шықты, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында құлаған Bek Air әуекомпаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырау салдарынан зардап шеккен тағы 6 адам бүгін ауруханадан шықты, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Олардың барлығының қазір жағдайы бірқалыпты, енді емін үйлерінде жалғастыратын болады, деді бүгін журналистерге арнайы брифинг өткізген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері. Алайда әлі 9 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады. Зардап шеккен тағы үш кісі Нұр-Сұлтан қаласындағы ғылыми орталықта ем қабылдап жатыр. Ал, балалардың барлығы да үйлеріне шығарылған. Сондай-ақ қан тамырларына қатты зақым келіп, дәрігерлерді алаңдатқан нақастың да жағдайы оңалып, үйіне жіберілді. Ол біраз уақыт өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқан болатын.

Реклама
Реклама

"Ол науқастың жағдайы қазір бірқалыпты. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған болатын. Бүгін үйіне шығарылды. Бас дәрігерге хабарладық, енді амбулаторлық ем қабылдайды", - дейді қоғамдық денсаулық басқармасы жетекшісінің орынбасары Әсел Бисембаева. 

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная