ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2022 | 13:34
Алматыда аулалар аудан әкімдіктері есебінен тазартылады
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда жабық аумақтар аудан әкімдіктері есебінен тазартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Түрксіб ауданының әкімдігі үйдің айналасын, балалар алаңын тазалағысы келмейді. Олар ҚСК-мен бірге келіп тазалайтындарын айтты. Біздің оған жинап беретін қаражатымыз жоқ", - деп шағымданды әкімге аудан тұрғындарының бірі.
"Мен сіздермен келісемін. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап менің бастамам бойынша аудандарға үй аулаларын жинауға қаражат бөлінеді, - деді Досаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также