Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар топ ұсталды

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар топ ұсталды Бейнеден кадрлар / Polisia.kz

Алматыда полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті. 10 адам ұсталды, олардың арасында бұрын сотталған криминалдық орта өкілдері бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматыда полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті. 10 адам ұсталды, олардың арасында бұрын сотталған криминалдық орта өкілдері бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, олар қалада жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмысқа, соның ішінде қару қолдану арқылы бұзақылық жасауға, бопсалауға және денсаулыққа ауыр зиян келтіруге, сондай-ақ қарудың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктелген.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс 21 санкцияланған тінту жүргізілгенін хабарлады. Заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін көп мөлшерде қару-жарақ пен басқа да заттар тәркіленген.

Жарнама
Жарнама

"Мәселен, фигуранттардың бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше атыс және травматикалық қару, соның ішінде кесілген мылтықтар мен қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысының полиция департаментінен ұрланған оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылып, тәркіленді", - деп түсіндірді ол.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

"Құқыққа қайшы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және басқа да қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені одан әрі жүргізіліп жатыр", - деп нақтылады департамент өкілі.

Министрлік мәліметінше, қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы 8 мамырда жүргізілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама