18 желтоқсан 2022 | 10:19

Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кеткен

elitar.kz

Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға автобустың соңғы аялдамасы, Жетісу базарына жақын жерде болған. Марқұм Лейла Саттарованың туыстары оқиға куәгерлерін іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға автобустың соңғы аялдамасы, Жетісу базарына жақын жерде болған. Марқұм Лейла Саттарованың туыстары оқиға куәгерлерін іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда болған.

"14 желтоқсанда сағат 20.15-те менің әпкем үйге қайтып келе жатқан. Күн қараңғы болған, ешқандай жарық болмаған. Оны 205-ші автобус қағып кеткен. Жүргізуші автобусты артқа қарай айдағанда адамды басқанын байқамаған да. Себебі, куәгерлердің сөзінше, жүргізуші құлаққаппен отырған. Ол тас басқандай тіпті не болғанын тексеруге де шықпаған. Автобусты тұраққа қояр кезде ғана қараған. Әпкемнің екі аяғы, белі сынған, үш литрдей қан жоғалтқан, сағат 00:30-да жансақтау бөлімінде қайтыс болған", - дейді марқұмның сіңлісі Малика.

Реклама
Реклама

Маликаның сөзінше, тергеу жүріп жатыр.

"20-30 күн тергеу жүреді деп айтты. Ал кінәлі адам бостандықта жүр. Қалайша? Тергеу барысында ол изоляторда болуы керек емес пе? Адам қағып кетті. Кінәлі адамдар және автопарк басшылығы жауапқа тартылса дейміз. Оқиғаны көрген куәгерлерді іздейміз...", - дейді алматылық.

Лейла Саттарова 24 жаста еді. Басылым мәліметінше, ол жеті ай бұрын тұрмысқа шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная