Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасамақ болғандар анықталды

Алматыда жол бойындағы тағы бір жанжал видеоға түсіп қалды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жол бойындағы тағы бір жанжал видеоға түсіп қалды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"№50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт пышақпен шабуыл жасаған. Бұзақылар кеткенше адам толы автобус жол бойында тұрғып қалды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы полиция департаменті оқиғаның 21 сәуірде Райымбек даңғылында болғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"21.04.2023 жылы сағат 19.30 шамасында 102 пультіне Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен "Жигули" көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға жолға таласқан ер адамдар арасында болғанын анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы "бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама