Алматыда автобус өртеніп кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қыркүйек таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Сағат 8:00 шамасында куәгерлер осы қиылыстан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы тарады.

Реклама
Реклама

Жарияланған кадрларда өрттің автобустың ішінен шыққанын көруге болады. Болжам бойынша, бұл №38 бағыт.

Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Егжей-тегжейлері нақтыланып жатыр. Өрт енді ғана сөндірілді. Толық ақпаратты сәл кейінірек береміз", - деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасының өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная