Алматыда автобустағы оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Midjourney

Алматы Полиция департаменті қаладағы автобуста мектеп оқушысына шабуыл жасаған егде жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті қаладағы автобуста мектеп оқушысына шабуыл жасаған егде жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство бұл іс бойынша тергеу басталғанын атап өтті.

"Аталған факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқықбұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Фигуранттың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Еске салсақ, бұған дейін желіде автобустағы егде жастағы жолаушының мектеп оқушысына шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланған еді. Қыздың айтуынша, оқиға ер адамның оқушының аяғынан теуіп оятудан басталған. Кейін ер адам сөзбен тиісіп, соңында оның бетіне соққы жасап, көзілдірігін жұлып алып, сындырып тастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама