19 шілде 2024 | 12:52

Алматыда автобустардың жолақысы көтеріледі: мәслихат шешім қабылдады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтеруді қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтеруді қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясында депутаттар қоғамдық көлікте жол жүру тарифін 20 теңгеге - 120 теңгеге дейін көтеруге дауыс берді. Осының есебінен тасымалдаушыларға бюджеттен субсидиялар мөлшерін қысқарту жоспарланған.

Депутаттар бұл шешімді түсіндіре отырып, субсидиялардың өсімі көлік тарифтерінің өсуінен асып түсетінін және бюджеттен бөлінетін шығыстардың көбейіп жатқанын, оны басқа мақсатқа пайдалануға болатынын алға тартты.

Реклама
Реклама

Қоғамдық көлік жұмысын жақсарту үшін тасымалдаушылар алдағы жылдары 800-ге жуық автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Тарифтер мәслихат шешімінен кейін Алматы әкімдігінің қаулысымен бекітілетіні айтылды. Бұл туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная