29 тамыз 2023 | 11:26

Алматыда автобустарға ауысып міну қашан тегін болуы мүмкін?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада автобустарға тегін ауысуға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік мәзір қашан енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада автобустарға тегін ауысуға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік мәзір қашан енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы ауданында тұрғындармен кездесуде Досаев алматылықтарға автобустарға тегін ауысуға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік мәзір енгізілетінін айтты.

"Осы тарифтік мәзір қалай жұмыс істейтінін және тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар қаншалықты өсетінін толығырақ айтып беріңізші, әкімдік бұл үшін ақшаны қайдан алмақ, нені үнемдейді?", - деп сұрады жергілікті тұрғын.

Реклама
Реклама

Алматы әкімі әзірге субсидиялар туралы әңгіме жоқ деп жауап берді.

"Өздеріңіз білетіндей, мәслихат тарифті көтеру, яғни нарықтық принципке көшу туралы ұсынысымызды қолдады. Керісінше, міндетіміз – жыл сайын тасымалдаушыларға бөлетін субсидияларды азайту. Айдың аяғында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатты күтіп отырмай, тәуелсіз болуы үшін. Ал Алматы қаласының бас жоспары мен көліктік негізі және тарифтік мәзір мәселелері қазір әзірленіп жатыр. Жыл аяғына дейін тарифтік мәзір пішімін қабылдаймыз, егер олар жол жүру картасын алса немесе pass, оның ішінде тегін автобустарға ауысып міну тарифі қамтамасыз етіледі деп болжанған. Қазір көлік холдингімен олардың жұмысының қорытындысы мен сараптамасының негізінде осы мәселені пысықтап жатырмыз. Қазанның аяғында тарифтік мәзірді ұсынып, қала тұрғындарының пікірін сұрап, әрі қарай бекітеміз деп ойлаймын", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная