ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2021 | 14:04
Алматыда әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәті: Кінәмді мойындаймын
Алматы ПД баспасөз қызметі әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы ПД баспасөз қызметі әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты.
Еске салайық, қайғылы оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.
"Сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім", - деді ол.
Полицей кінәсін толық мойындады, ол марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.
Бұған дейін бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелгені хабарланған еді. Іс Алматы ПД анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также