ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 мамыр 2023 10:12
Алматыда Әйтеке би көшесі ұзартылады
Алматы билігі Әйтеке би көшесін ұзартпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде жасаған есебінде мәлімдеді.
Мегаполис басшысының айтуынша, жөндеу жұмыстарына биыл маусым айында кіріспек.
"Маусымда Алматы әкімдігі Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесінің бойына тротуар орнатып, жолды ұзартуды бастауды жоспарлап отыр", - деді әкім.
Жыл басынан бері қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Брусиловский және Байтұрсынов көшелерінде 4 жаңа аялдама орнатылды. Жыл соңына дейін Мұқанов, Байзақов, Тілендиев және Панфилов көшелеріне тағы 4 аялдама орнату жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу