Алматыда Бақытжан Базарбектің баласының арбасын өртеп кеткен ер адам ұсталды

Сурет: Polisia.kz

Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін айтқан еді. Оның айтуынша, біреулер баласының бесікарбасын өртеп кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы заңгер Facebook-парақшасында бөліскен еді.

"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоқыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын пәтеріміздің (квартирамыздың) есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесін! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік", - деп жазды белгілі заңгер.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын айтты.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді ер адамды ұстады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама