ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2021 | 10:19
Алматыда балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып-соғуы: жаңа деректер мәлім болды
Алматыда балаларды ұрды деген жекеменшік балабақшалардың бірінің тәрбиешісі бап бойынша жұмыстан шығарылған. Ақпаратты мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда балаларды ұрды деген жекеменшік балабақшалардың бірінің тәрбиешісі бап бойынша жұмыстан шығарылған. Ақпаратты мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Оқиға "Көкжиек" ықшамауданындағы балабақшада болған. Тәрбиешіні мұндай әрекетке не итермелегенін балабақша басшылығы білмейді. Олардың айтуынша, 45 жастағы әйел мұнда екі жылдай жұмыс істеген және осы уақыт ішінде оның жұмысына ешқандай шағым түспеген. Телеарна мәліметінше, балабақша әкімшілігі егер ата-ананың бірі болмаса, бұл оқиғаны ешкім білмейтінін айтқан. Басшының айтуынша, балалардың бірінің әкесі сабақ қалай өтіп жатқанын көргісі келген. Бірақ, бейнежазбадан балаларды ұрып-соғып жатқанын көрген.
"Ата-ана сұрақпен келді. Яғни, ұрып-соғуға қатысты нақты шағымдар болған жоқ. Бірге видеоны қарауға отырдық, тіпті мұндайды көреміз деп ойламадық", - дейді жекеменшік балабақша меңгерушісі Анар Нұрсұлтанова.
Тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылды. Бірақ ашулы ата-аналар бұл өте жеңіл жаза деп есептейді.
"Менің үш балам осы балабақшаға барады. Екеуі үлкен топта, осы тәрбиешіге ауыса салысымен, ол жаққа барғылары келмейді. Не болғанын түсіне алмадым. Қазір бәрі белгілі болды", - деді қала тұрғыны Аруна Серікова.
Astana.tv телеарнасы мәліметінше, видео чатқа кездейсоқ жіберілген. Балалардың ата-анасы осылай дейді. Олардың айтуынша, мұғалім мессенджердегі топтарды шатастырып алған. Кадрларда тәрбиеші балаларды ұрғаны көрсетілген.
"Әр балаға 30 мың теңге төлейміз. Ал мұнда балаларды ұрып-соғады. Оның үстіне, тамақтандырмайды екен. Бала күні бойы аш жүреді. Кешке балабақшадан шығып тамақ сұрайды. Ал мұғалімдер бәрі тамаша дегендей видео жібереді", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Аруна Серікова.
Almaty.tv мәліметінше, Полиция департаментінде "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуге байланысты міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді мектепке дейінгі мекеменің бұрынғы қызметкері үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімі бұл факт бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Мұғалімнің әрекетінен ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыс белгілері анықталды. Іс жүзінде соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қарапайым іс бойынша егжей-тегжейлі тергеу жүргізілуде. Әйел жазаға тартылады", - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұған дейін Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также