13 сәуір 2020 16:35

Алматыда Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылды

Сурет: elements.envato.com

Алматыда Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылды. Қалада барлығы екі медициналық мекеменің жұмысы тоқтап тұр. Бұл туралы мегаполистің бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы коронавирустың алғашқы күнінен бастап жабық. Науқастар басқа мекемелерге жіберілді. Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған қызметкерлер карантинде бақылауда жатыр. Балалар жұқпалы аурулар, орталық клиникалық қалалық аурухана - бұрынғы 12 қалалық аурухана", - деді Айзат Молдағасымова.

Реклама
Реклама

Еске салайық, қалалық орталық клиникалық ауруханасында 20 дәрігерден коронавирус анықталған болатын. Соңғы екі күн ішінде Алматыда тағы жеті оқиға - балалар жұқпалы аурулар ауруханасында тіркелді. 

Соңғы тәулікте қалада медициналық қызметкерлер арасында COVID-19 жұқтырған 27 адам анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram