Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасын су басты

Видеодан алынған кадр

Алматыда қатты жауын-шашыннан бірнеше үй мен балалар жұқпалы аурулар ауруханасының аумағын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда қатты жауын-шашыннан бірнеше үй мен балалар жұқпалы аурулар ауруханасының аумағын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматының құтқару қызметіне су басу бойынша жеті хабар келіп түскені хабарланды. Апат жерлерінде 12 дана техника, 12 мотопомпа және 29 адам жұмылды.

"Сондай-ақ, ағаштардың электр сымдары мен екі қабатты бір үйге құлағаны туралы 5 қоңырау қабылданды. 10 наурызда кешке құтқарушылар мегаполистің Наурызбай ауданында орналасқан Тастыбұлақ өзенінің арнасын Райымбек даңғылы көпірінің астындағы тұрғындардың қараусыз қалдырған тұрмыстық қалдықтарынан, автомобиль шиналарынан және басқа да қоқыстардан тазартты. Жол төсемін су басу қаупі жойылды", - деп жазылған порталда.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ТЖД қызметкерлері Алматы тауларындағы көшкін қаупі туралы ескерткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама