Алматыда балалар үйі өртенді: қазіргі жағдай

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда балалар үйі өртенді: қазіргі жағдай

Алматы әкімдігі өрт шыққан балалар үйінің тәрбиеленушілері қайда орналастырылғанын хабарлады. Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, балалардың қазіргі хал-жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі өрт шыққан балалар үйінің тәрбиеленушілері қайда орналастырылғанын хабарлады. Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, балалардың қазіргі хал-жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, өрт кезінде балалар үйінде 35 кәмелетке толмаған бала және мекеме қызметкерлері болған. Олардың барлығы эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ.

Әкімдік мәліметінше, балалар уақытша сауықтыру шипажайына орналастырылған, "ол жерде балаларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр".

Реклама
Реклама

"Оларды тамақтандырып, бөлмелерге орналастырды, сырт киім, азық-түлік және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етті, сондай-ақ тәттілер берілді", – деп хабарлады әкімдік.

Оқиға орнында әкімдік пен қалалық қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай аудандық қамқоршылық органдары, Отбасын қолдау орталығы және Алматы қаласының Балаларды қолдау орталығы жұмыс істеп жатыр.

Ал Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, балалардың жағдайы тұрақты.

"Қазір барлық тәрбиеленушінің жағдайы жақсы, олар қауіпсіз жерде. Медициналық қызметкерлер балаларды тексеруден өткізді, психологиялық көмек те көрсетілді. Балаларға қашықтан оқу ұйымдастырылды. Қазір балаларды әрі қарай орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.

Не болған?

9 қарашада Алматыдағы Наурызбай ауданында "Перзент" жеке қайырымдылық балалар үйі аумағынан өрт шықты.

Барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылып, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.

Оқиға орнына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды. Жағдай бақылауда екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама