ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2022 | 15:40
Алматыда балаларға жиі қойылған есімдер аталды
Алматылықтар балаларына қоятын ең танымал есімдер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар балаларына қоятын ең танымал есімдер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тіркеу және есімдерді өзгерту бойынша өткен брифингте спикерлер биыл балаларға араб есімдерін қою жиі байқалғанын айтты. Ата-аналар араб тілінен аударғанда мағынасы бар есімдерді таңдауға тырысады.
"2022 жылы танымал есімдер негізінен - Абай, Омар, Ислам, Әли, Мұхаммед, Дар, Алан, Альтаир, Хамза. Қыздар есімі - Томирис, Елиқай, Зере, Тоғжан, Амелия, Рамина. Егіз немесе үшем дүниеге келгенде ата-аналар баласына Қасым, Жомарт, Кемел деп ат қойған жағдайлар болды", - дейді тіркеу қызметінің әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Сыдықова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также