01 желтоқсан 2022 | 17:30

Алматыда баланың асқазанынан батарея операциясыз алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматылық дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан батареяны операциясыз алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан батареяны операциясыз алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баланың ата-анасы Алматыдағы Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жүгінген. 3 жасар сәбидің анасының айтуынша, бала қолындағы батареяны аузына салып, жұтып қойған.

Батареяны жұтқаннан кейін бірнеше сағат ішінде қабыну процесі басталады, бұл асқазанның немесе өңештің шырышты қабатының күйіп кетуіне және тіпті осы органдардың тесілуіне әкелуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Жедел медициналық көмек пен дәрігерлердің тапқырлығы арқасында хирургиялық операция жасалмаған.

"Бөгде зат Дормия себетімен ұсталды (құрал эндоскопиялық процедуралар кезінде қуыстардан тастар мен әртүрлі бөгде заттарды алып тастауға арналған). Содан кейін Фолей катетері үрленіп, Дормий себетімен бөгде зат асқазан мен өңештен сәтті шығарылды", - деді Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының хирург - хирург-эндоскописі Мұрат Дүйсебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная