08 сәуір 2023 17:00

Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жазаланды

Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 41 жастағы әйел Toyota көлігінің жүргізген.

Реклама
Реклама

"Баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі "Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау", 593-бабының 2-бөлігі бойынша " Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау", - деп хабарлады қалалық ІІД.

Айыппұлдың жалпы сомасы - 10 айлық есептік көрсеткішті немесе 34 500 теңге.

"Жүргізушімен алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша заңдық-түсіндіру әңгімесі жүргізілді", - деп толықтырды ведомстводағылар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйелдің әрекеті видеоға түскенін хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram