Алматыда банк тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды

видео кадры

Алматыда банктен ақша ұрламақ болған күдікті ұсталды. Полиция мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда банктен ақша ұрламақ болған күдікті ұсталды. Полиция мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екінші деңгейлі банк бөлімшесінен қолма-қол ақша ұрлана жаздаған. Қылмыс түнде жасалған.

"Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болған, бірақ брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеті бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Реклама
Реклама

Криминалдық полиция басқармасы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы күдіктіні ұстаған.

"Күдікті өз кінәсін мойындады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама