ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2020 | 17:00
Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің өлімі: ПИК төрағасы айыптаумен келіспеді
Алматы орталығында басына мұз түсіп, қайтыс болған әйелдің өлімі туралы іс бойынша өз міндеттерін орындамады деп айыпталған пәтер иелерінің кооперативі төрағасы мәлімдеме жасады. Ол айыптаумен келіспеді. Тыңдалым Бостандық ауданының №2 аудандық сотында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы орталығында басына мұз түсіп, қайтыс болған әйелдің өлімі туралы іс бойынша өз міндеттерін орындамады деп айыпталған пәтер иелерінің кооперативі төрағасы мәлімдеме жасады. Ол айыптаумен келіспеді. Тыңдалым Бостандық ауданының №2 аудандық сотында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Процесс онлайн өтіп жатыр. Алматылықтың өліміне қатысты істі судья Арай Нұғманова қарап жатыр.
Айыпталушы - ПИК басшысы. Бүгінгі отырыста айыпталушы сөз сөйледі.
"Мен айыптаумен келіспеймін. Мен өз міндетімді дұрыс орындадым деп ойлаймын. Бір айтарым, мен шаруамен айналысатын кісі болмадым, бұл жағдайда бір жерден мүлт кеткен шығармын. Егер білсем, шешім қабылдар едім...", - деді айыпталушы.
Сонымен қатар, ПИК төрағасы 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап жұмысқа кіріскенін айтады. Айыпталушы тергеу кезінде үйдің "шала біткенін" айтқан.
"Бұл үйдің шатырының формасы біздің шартқа сай келмеді. Яғни меніңше, түрік құрылысшылары оны Түркиядағы жағдайға сай салған. Алматыдағы кез келген көпқабатты тұрғын үйге қарасаңыз бір де бір салушы олай салмайды.
Егер мұзды көрсем міндетті түрде алып тастар едім. Шатыр барлық панораманы көруге мүмкіндік бермейді. Бұл шатыр тек альпинист көтеріле алатын күмбез жүйесі бойынша салынған", - деді айыпталушы.
Бұған қатысты прокурор: "Неліктен ПИК төрағасы сол проблемаларды біле тұра альпинистерді жалдамағанын" сұрады.
Еске салайық, 2018 жылдың қарашасында алматылық әйелдің басына мұз түсіп мерт болғаны хабарланған еді. Оқиға 20 қарашада сағат 12.52-де болған. Марков көшесі, №75 мекенжайындағы 9 қабатты ("AdalResidence") тұрғын үйдің төбесінен мұз түскен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также