31 желтоқсан 2020 | 10:44

Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің өлімі: ПИК төрағасы сотталды

Алматы орталығында басына мұз түсіп, қайтыс болған әйелдің өлімі туралы іс бойынша күдікті пәтер иелерінің кооперативі төрағасына қатысты сот үкімі шықты. Ер адам өз міндеттерін орындамады деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы орталығында басына мұз түсіп, қайтыс болған әйелдің өлімі туралы іс бойынша күдікті пәтер иелерінің кооперативі төрағасына қатысты сот үкімі шықты. Ер адам өз міндеттерін орындамады деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"К.Қарыбаевты Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша кінәлі деп танылсын және қауіпсіздігі барынша төмен атқарушы жүйе мекемесінде екі жыл және алты ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сот залында қамауға алынсын", - деді судья Арай Нұғыманова. 

Реклама
Реклама

Іс бойынша сот отырысы онлайн өтті. 

Еске салайық, 2018 жылдың қарашасында алматылық әйелдің басына мұз түсіп мерт болғаны хабарланған еді. Оқиға 20 қарашада сағат 12.52-де болған. Марков көшесі, №75 мекенжайындағы 9 қабатты ("AdalResidence") тұрғын үйдің төбесінен мұз түскен болатын. Ал бұған дейінгі сот отырысында ПИК төрағасы айыптаумен келіспеген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная