ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2020 | 14:03
Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің өліміне қатысты істе күдікті пайда болды. Бұл туралы қалалық прокуратураның Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтылады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті анықталды. Сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Іске қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жарияланбайды", - деді прокуратурадағылар.
Еске салайық, 2018 жылдың қарашасында алматылық әйелдің басына мұз түсіп мерт болғаны хабарланған еді. Оқиға 20 қарашада сағат 12.52-де болған. Марков көшесі, №75 мекенжайындағы 9 қабатты ("AdalResidence") тұрғын үйдің төбесінен мұз түскен болатын.
Показать комментарии
Читайте также