ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2022 | 16:19
Алматыда Байтұрсынұлының музей-үйі күрделі жөндеуден кейін ашылды
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі реэкспозициядан кейін ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі реэкспозициядан кейін ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
"Биыл ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-реформатор - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйіне күрделі жөндеу жүргізіліп, экспозициясы жаңартылды", - делінген хабарламада.
ХХ ғасырдың ұлы реформаторы, қоғам және мемлекет қайраткері, лингвист-ғалым, қазақ филология ғылымының негізін қалаушы, ақын-аудармашы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі 1993 жылы ашылған. Музей-үйдің жанындағы Байтұрсынұлының бюсті 1998 жылы орнатылған.
"Алматы қаласы әкімінің 2021 жылғы 13 қазандағы №4/508 қаулысымен музей-үй жекеменшіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілді. Жаңарған музей-үй 3 экспозициялық және бір дәріс залынан тұрады. Қазіргі уақытта музейде ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық экспонат жинақталған. Бұл – мемлекеттік архивтен алынған түпнұсқа құжаттар, жеке және ұжымдық фотосуреттер.
Музей заманауи технологиялармен жабдықталып, жаңа мазмұнмен толтырылып, жаңа сипат алды. Арнайы сенсорлы тақталарда музей-үйдің құрылу тарихы, архивтік материалдар, фотосуреттер және реформатордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мол мағлұмат беретін құнды мәліметтер бар", - делінген "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК хабарламасында.
Музей-үй Байтұрсынұлы көшесі, 60 мекенжайда орналасқан және дүйсенбіден басқа күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін келушілер үшін ашық.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также