Алматыда базарда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматыда базарда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Алматыдағы "Жетісу" базарында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы "Жетісу" базарында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген фотолар мен бейнежазбаларды редакцияның Telegram ботына жолдаған оқырмандар, 4 сәуірге қараған түні "Жетісу" базарының маңында автобус өртенгенін жазған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші салонды тазалау үшін тоқтаған, сол кезде автобус өртеніп кеткен. Кадрлардан автобустың артқы жағы қозғалтқыш бөлігімен бірге жанып кеткені көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Өрт туралы осындай хабарламалар әлеуметтік желілерде де тарады.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 3 сәуірде сағат 23:10-да "Қайрат" шағынауданында 2018 жылғы "Лиаз-529265" маркалы 125 бағыттағы автобустың өртеніп кеткенін растады.

Айта кетейік, автобус "Алматыэлектротранс" коммуналдық паркіне тиесілі. Автотұрақтағы өрттің шығу себебі хабарланбады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама