ПОДЕЛИТЬСЯ
30 тамыз 2023 | 08:53
Алматыда биологиялық препараттар шашылады
Алматыда биологиялық препараттар шашылады, себебін қала әкімдігі түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда биологиялық препараттар шашылады, себебін қала әкімдігі түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік жапырақ жейтін зиянкес жәндіктер мен саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы биологиялық өңдеудің төртінші кезеңі басталғаны туралы хабарлады. Алдыңғы үш кезең сәуірден тамызға дейін өткізілген.
"Ағаштардың жағдайын жақсарту және әртүрлі зиян организмдерге төзімділігін арттыру үшін биоөңдеудің төртінші кезеңінде 2,3 миллионнан аса ағашты қамту жоспарда бар. Зиянкес жәндіктердің биологиялық ерекшеліктеріне сүйеніп, жұмыс түнде және таңертең ерте жүргізіледі. Биыл зиянкес-монофагтарға әсер ету үшін бірінші кезең кезінде емендер үш рет, теректер екі рет өңделді", - деді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев.
Бұрын өңдеу вегетациялық кезеңнің басында бір рет қана жүргізілетін еді, бірақ бұл монофаг зиянкестері үшін жеткіліксіз. Жұмыс барысында климаттық факторларды ескеріп, адамдарға, құстар мен жануарларға зияны жоқ ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген, қауіптілігі төмен сыныпты сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады.
Ауа райы қолайлы және жауын-шашын болмаған жағдайда төртінші кезеңді 20 қыркүйекте аяқтау жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, жасыл желектерді өңдеу сәуір айында басталған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также