Алматыда биыл жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе?

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда биыл жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алдағы аптада Алматыда, Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмология институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы аптада Алматыда, Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмология институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 10 наурызда Сейсмология институтында сейсмикалық болжау комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

"Болжау комиссиясының қорытындысы бойынша алдағы аптада Алматыда, Алматы және Жетісу облыстарының аумағында шамамен 3-3,5 балл болатын жер дүмпулері болуы ықтимал", - делінген хабарладама.

Жарнама
Жарнама

Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев айтуынша, биыл Алматы болжау полигонының аумағында күшті және жойқын жер сілкінісі болжанып отырған жоқ.

Қазіргі уақытта Алматы болжау полигонының аумағында (Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстары) 47 станция жұмыс істейді.

Сейсмология институты - Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы басты ұйым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама