ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2020 | 16:27
Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекетте болған апат салдарынан көз жұмған екі полицейдің отбасына пәтер берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекетте болған апат салдарынан көз жұмған екі полицейдің отбасына пәтер берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сағынтаев қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтып, қолдау көрсететінін жеткізді.
"Екі бірдей арыстай азаматымыздың отбасына қайғыларына ортақпыз дегім келеді. Шет қалмадық. Жұмыс жасадық. Біздің кәсіпкерлеріміздің қолдауымен екі полицейдің отбасыларына пәтер беріледі. Сондай-ақ туыстары айтатын барлық мәселеге жан-жақты қаржылай көмек көрсетеміз", - деді ол онлайн баспасөз конференциясында.
Блокбекетте полицейлерді өлтірген адам қылмысқа қасақана барған болуы мүмкін - адвокат
Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.
Қайғылы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также