Алматыда блокбекеттер түнде алынады

Алматыда блокбекеттер түнде алынады Сурет: Instagram / @sagintayev.b

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада блокбекеттер 1 маусымға қараған түні алынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада блокбекеттер 1 маусымға қараған түні алынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл - коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Әкім барлық полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысын білдірді. "Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар", - деді Бақытжан Сағынтаев .

Реклама
Реклама

Айткынша, елдегі және қаладағы жағдайдың тұрақтануы, шектеулерді алуға мүмкіндік берді.

"Бұл ретте барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық берілді. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде. Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!", - деді Алматы әкімі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама