Алматыда BMW жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып өткен: видео

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

3 желтоқсанда Алматыдағы Абай мен Алтынсарин қиылысында жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, көлік аялдамаға кіріп, қоғамдық көлікті күтіп тұрған адамдарды қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты сағат 14:00-де Әуезов ауданында болған. BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге шығып кеткен және аялдамада тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып өткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz тілшілері зардап шеккендердің жағдайы туралы пікір алу үшін қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сұрау жолдады. Мақала жарияланған сәтте жауап келмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама