Алматыда болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлының айтуынша, 4 желтоқсанда 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген.
"Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, сағат 15:00-де Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты. Алматы болжам полигоны аумағында сейсмикалық шкала бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", - деді ол.
Жер сілкінісі туралы не белгілі?
Еске салайық, ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!