ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2018 | 17:15
Алматыда Бостандық ауданының әкімі болып Алтай Рахымбетов тағайындалды
Алматының Бостандық ауданы әкімі қызметіне бұрындары Әуезов ауданының әкімі болған Алтай Рахымбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының Бостандық ауданы әкімі қызметіне бұрындары Әуезов ауданының әкімі болған Алтай Рахымбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы 1973 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Өскемен энергетикалық техникумды тәмамдаған. Кейінірек Жол-құрылысы институтына түсіп, "инженер-құрылысшы" мамандығын меңгерген.
Алтай Рахымбетов 1995 жылы қаңтарда Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасында жұмыс істеген. 2005 жылы Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы болып тағайындалды.
2005 наурыз - 2006 желтоқсан аралығында Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінде бөлім басшысы болып тағайындалды. 2009 жылдан бастап осы ведомствода директордың орынбасары болды.
2010 жылы желтоқсан - 2015 ақпан аралығында Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында басшы болды. 2015 жылы 20 ақпанда Әезов ауданы әкімі қызметіне тағайындалған еді.
Показать комментарии
Читайте также