Алматыда бір айлық нәресте коронавирустан қайтыс болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда бір айлық нәресте коронавирустан қайтыс болған

Алматыда бір айлық нәресте коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн-брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, балалар арасында коронавирустан өлім-жітім дерегі көбейіп барады. Бүгінде ауруханада 195 науқас бала жатыр. Ал, үйде - 2540 бала. Екі-үш ай бұрын, "ұлыбританиялық" штамм болған кезде, бұл көктемде болатын, ауруханаларда 30-40 баладан аспайтын. Ең көп жағдай бір апта бұрын болды - 245 бала. Өкінішке қарай, бір өлім жағдайы расталды. "Дельта" штамынан бір айлық нәресте қайтыс болды. Бұл бір ай бұрын болды. Бұл штамм өте қауіпті. Балаларымызға қауіп төніп тұр", - деді Нариман Табынбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда карантин тағы екі аптаға ұзартылғаны хабарланған болатын. Бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама