Алматыда бір қабатта орналасқан үш пәтерді тонап кеткендерге іздеу жарияланды

Алматыда белгісіз біреулер бір қабатта орналасқан үш пәтерді тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда белгісіз біреулер бір қабатта орналасқан үш пәтерді тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға Әуезов ауданы Ақсай-4 ықшамауданында болған.

Instagram желісінде ұрылар түскен пәтерлердің видеосы тарады. Әуезов ауданының полиция департаменті осы жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.  

Реклама
Реклама

"Бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - деді қалалық полиция департаментіндегілер.

Әзірше нақты қандай заттардың жоғалғаны айтылмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама