05 сәуір 2021 12:07

Алматыда бір күнде 6 мың адам вакцина салдырды

4 сәуірде Алматыда 6 664 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 сәуірде Алматыда 6 664 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 ақпаннан бері 23 799 алматылық "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 4 сәуір, жексенбіде қалада 611 тұрғыннан коронавирус табылған, оның ішінде 92-сі симптомсыз.

Реклама
Реклама

Ведомство хабарына қарағанда, инфекциялық стационарларда 3 263 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 103-і бала. 67 ересек адам өте ауыр жағдайда, 638 адамның жағдайы ауыр, 2 558 науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Жексенбіде стационардан 89 адам шығарылды, 276 адам түскен.

5 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram