ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2021 | 09:54
Алматыда бірнеше ауданда су беру уақытша тоқтатылады
Алматыда - Медеу, Алмалы және Жетісу ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады. 10 және 11 наурызда бірқатар ғимаратта, соның ішінде әлеуметтік нысандар - мектеп пен ауруханада бірнеше сағат бойы су болмайды. Су жеткізуге арнайы автоцистерналар бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 наурызда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Медеу ауданы Горный гигант шағынауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық су беруден ажыратылады.
11 наурызда сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін Алмалы ауданындағы Мақатаев-Райымбек-Қожамқұлов-Сейфуллин көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарды сумен жабдықтау тоқтатылады. Сондай-ақ, Жетісу ауданы аумағында Райымбек-2-Гончарная-Қазыбаев-Лобанский-Ақбаев-Сейфуллин көшелерінің шаршысы.
"Суық сумен жабдықтау қызметін шектеу жаңа су құбыры желілерін қос үшін жүргізіледі. Денсаулық сақтау, білім беру нысандары және әлеуметтік саланың өзге де ғимараттарына автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады. Анықтама телефоны: 274-66-66", - деп хабарлады "Алматы су" МКК" баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также