Алматыда бірнеше ауданда суық су өшіріледі

Алматының екі ауданында уақытша суық су болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" компаниясына сілтеме жасай отырып.

Алматының екі ауданында уақытша суық су болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" компаниясына сілтеме жасай отырып.

27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданындағы Айнабұлақ-4 ықшамауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

"Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша шектеулер енгізу магистральдық желілерге жаңа су құбырларын қосу үшін қажет", - деді компаниядағылар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданындағы Западная, Вишневая, Грушовая, ықылас, Таугүл-3 ықшамауданы көшелеріндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылатыны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама