26 мамыр 2021 11:55

Алматыда бірнеше ғимаратта бір тәулік ыстық су болмайды

Алматының Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір тәулікке ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір тәулікке ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

"2021 жылдың 27 мамыры сағат 08.00-ден 28 мамыр сағат 08.00-ге дейін Бостандық ауданы аумағындағы Жароков - Березовский - Розыбакиев - Өтепов көшелерінің аумағындағы, сондай-ақ Алмагүл және Қазақфильм шағынаудандарындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су берілмейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Компания уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram