25 қыркүйек 2020 12:53

Алматыда бірнеше көше жабылады

фото:nvdaily.ru

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 17:00-ден 26 қыркүйек  сағат 23:00-ге дейін Райымбек даңғылында Назарбаев даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін, Пушкин көшесінен Мақатаевтан Райымбек даңғылына дейін, Уәлиханов көшесі бойымен Райымбек даңғылына дейін, Қонаев көшесінен Мақатаев көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.

Реклама
Реклама

Осы уақытта осы көшелердегі қоғамдық көліктің қозғалыс сызбасы да өзгереді.

"203, 204, 207, 208, 220, 221, 222, 225, 228, 410 автобустар қозғалысы да өзгереді: Райымбек даңғылындағы Назарбаев даңғылы мен Пушкин көшесінің арасындағы барлық қоғамдық көлік шығыс бағытта жолайырықтың тоннель бөлігі арқылы өтетін болады.

Талғар, Есік аудандары мен Өтеген Батыр кентінің маңындағы жолаушылар үшін Райымбек-Назарбаев даңғылы, Райымбек-Жангелдин, Пушкин-Мақатаев, Гоголь-Назарбаев даңғылында соңғы пункттер болады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram