Алматыда Бұқар Жырау бульварының бір бөлігі жабылады

Фото:depositphotos.com

Бұқар Жырау бульвары бойында құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқар Жырау бульвары бойында құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Бұқар Жырау бульварында 1983 жылы пайдалануға берілген құбыр қайта жаңартылады.

Жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 23 сәуір мен 10 маусым аралығында Бұқар Жырау бульвары бойынша Сергей Марков көшесінен Римский-Корсаков көшесіне дейін оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы ішінара жабылады.

Реклама
Реклама

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған учаскені айналып өту үшін алдын ала балама маршруттарды қарастыруды сұраймыз", - делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама