ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2022 | 10:10
Алматыда бұршақ пен нөсер жауын болады
Алматы қаласы мен тауларында қатты жауын-шашын, жел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы мен тауларында қатты жауын-шашын, жел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.
Синоптиктер 14 мамырда күндіз және 15 мамырда тәулік бойы қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайтынын, 15 мамырда бұршақ болатынын ескертті.
"Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпаңыз! Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз!", - делінген хабарламада.
Ал Алматы тауларында 14 мамырда күндіз, 15 мамырда тәулік ішінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болатынын хабарлады.
"Солтүстік-батыстан найзағай кезінде жел секундына 15-20 метрге дейін, 15 мамырда екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Тауға шықпауларыңызды сұраймыз! 112 ескертулер мен медиа, теледидар, радиохабарларын мұқият тыңдаңыз!", - деді ТЖД өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также