ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2021 | 09:19
Алматыда бұзылған нан жинауға арналған контейнерлер орнатылды
Алматының Әуезов ауданында алғаш рет тамақ қалдықтарын жинап, кейін қайта өңдеуге арналған контейнерлер орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының Әуезов ауданында алғаш рет тамақ қалдықтарын жинап, кейін қайта өңдеуге арналған контейнерлер орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда кәсіпкерлердің бастамасымен бұзылған нан, ескірген тоқаш, мерзімі өтіп кеткен макарон және басқа да нан өнімдерін жинайтын сары жәшіктер орнатылды. Жиналған тамақ қалдықтары мал азығына өңделеді.
"Алғашында мұндай контейнерлер бірнеше учаскеге орнатылды, бізге ҚСК және қоқыс шығаратын компаниялар хабарласты. Біз кәсіпкерлерді шақырдық олар мән-жайды түсіндірді, аудан әкімдігінің басшылығы олардың идеясын қолдады. Бұл мәселе тұрғындар үшін де өзекті болған. Себебі осыған дейін көптеген таза, адал тамақ қалдықтарын контейнерге тастамай, ит, құс және мысықтарды тамақтандыру үшін жақын жерге қалдырған. Бұл басқа тұрғындар үшін өте ыңғайсыз екені белгілі. Контейнерлер орнатылғаннан кейін аулаларда қаңғыбас жануарлар азайып, қоқыс жәшіктерінің айналасы әлдеқайда тазарып қалды", - дейді Әуезов ауданы әкімдігінің абаттандыру басқармасының басшысы Айдын Тұрсынов.
Фото: Багдат Сарсеев
Әкімдіктің мәліметінше, қазірдің өзінде облыс бойынша нан өнімдерін жинауға арналған 180 контейнер орнатылған. Олардың кейбіреулері бұзақылардың шабуылына ұшырап, 78 контейнерді жөндеуге жіберуге тура келді.
Ағасымен бірге контейнер орнатуды қолға алған кәсіпкер Бағдат Сәрсеев өз тәжірибелерін қаланың басқа да аудандарына жеткізіп, азық-түлік қалдықтарын жинайтын жалпы саны 1500-ге жуық контейнер орнатуды жоспарлап отырғандарын жеткізді.
"Бұл идея карантинге дейін қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеген ағамызға тиесілі. Пандемия кезінде бизнес тоқтап қалды, содан кейін нан өнімдерін жинап, өңдеу идеясы келді. Ол адамдардың нанды қоқыс жәшіктеріне тастамайтынын байқаған. Менің ойымша, мұндай контейнерлерді орнату қажет. Экологиялық тұрғыдан алғанда, үлкен мәселені шешеді. Осыған дейін азық-түлік қалдықтары қайта өңделмей кәдімгі шұңқырларға төгіліп келген. Қазір біз осындай контейнерлерді орнатқан жерлердегі қоқыс көлемі айтарлықтай азайды", - деді Бағдат Сәрсеев.
Фото: Багдат Сарсеев
Кәсіпкердің айтуынша, олар астық қалдықтарын, макарон өнімдерін, жарма өнімдерін қабылдайды. Контейнерлер үш күн сайын тазаланады және осы уақыт ішінде оларда 600 келіге дейін қалдық жиналуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта келіп түсетін нанды қолмен сұрыптаймыз. Полиэтилен пакеттерін алып тастаймыз. Содан кейін нанды кептіріп, ұсақтап, дайын жемге түйіршіктейміз. Термиялық өңдеуден кейін түйіршіктерді ұсақ және ірі қара малға беруге болады. Біз жемді тек достарымызға сатамыз, тіпті олардың өзіне жетпей қалады. Біздің бағамыз нарықтағыдан сәл төмен", - деп қосты кәсіпкер.
Фото: Багдат Сарсее
Бағдат Сәрсеев алғашында контейнерлердің есігін бұзып, айналасына нан лақтыратын вандалдардан қатты зардап шеккендерін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также