15 маусым 2021 | 10:26

Алматыда былтыр отырғызылған ағаштар қурап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Видеодан алынған

Алматыда былтыр қарашада отырғызылған ағаштар қурап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда былтыр қарашада отырғызылған ағаштар қурап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметі бойынша, жергілікті билік былтыр Алматы көшелері бойына 65 мың ағаш отырғызған. Бірақ қазір, алты айдан кейін, олардың жартысынан көбі қурап қалған. Қала тұрғындарының айтуынша, ағаштар суарылмайды, ал мұндай ыстық күнде оларға күнде күтім жасалуы керек. Ағашты суару кезінде шамамен 40 литр су пайдалану керек.

Жасыл экономика басқармасындағылар ағаштар кесте бойынша - аптасына бір рет суарылатынын айтты. 

Реклама
Реклама

"Бір жыл ішінде, күзгі кезеңде көшеттерді өтемақы міндеттемелеріне сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ағаштар жазда отырғызылса, олар қурап қалады. Яғни, олар өсіп кете алмайды. Себебі вегетациялық кезең бастылып қойды. Бұл тиімсіз болады", - деді Алматы Жасыл экономика басқармасының бас маманы Нұркен Ақмырза.

Қазір Алматыда екі миллионға жуық жасыл желек бар. Жасыл экономика басқармасы қурап қалған ағаштардың орнына басқасын отырғызуға уәде берді, дейді тілшілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная