23 сәуір 2022 | 10:35

Алматыда чемпиондар даярлайтын спортколледж жабылмақ. Ата-аналар бас көтерді

AstanaTV сюжетінен алынған кадр

Алматыда 50 жылдық тарихы бар білім ордасынан шу шықты. Келешек олимпиада чемпиондарын даярлайтын Республикалық спорт колледжі жабылмақ. Мұны естіген ата-аналар министрліктің шешіміне келіспейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 50 жылдық тарихы бар білім ордасынан шу шықты. Келешек олимпиада чемпиондарын даярлайтын Республикалық спорт колледжі жабылмақ. Мұны естіген ата-аналар министрліктің шешіміне келіспейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл спорт колледжі - мегаполистегі ең іргелі оқу орыны. Жарты ғасырлық мекеме жабылады деп ешкім күтпеген. Ата-аналар оның жабылатыны туралы Желіден білген.

"Менің балам бұл колледжге өз мақсатымен, арманымен 6 сыныптан кейін түсті. Осыдан бері 7 жыл өтті. Бар өмірін осы колледжге арнап келе жатыр. Қазір осы жағдайды естігеннен кейін баламның сағы сынып, еңсесі түсіп қалды", - дейді ата-ана Айман Мергенова.   

Реклама
Реклама

"Балалар енді қайда барады осыдан кейін. Олимпиадалық резерв болады дейді. Ондай олимпиадалық резерв салғанға басқа жерлер құрып қалып па", - дейді тағы бір ата-ана Жанатбек Жолдасханов.    

Телеарна тілшісінің сөзінше, студенттер де үйреніскен ортасынан ешқайда кеткісі жоқ. Гранттан да айрылғысы келмейді.

"Бұл шешім балаларымызға ғана емес бізге де әсер етті. Ұстаздар мен жаттықтырушылар да жабырқаулы. Енді не істерімізді білмейміз. Бір ғана талабымыз - колледжге балалар түскен екен, енді осында бітіріп шықсын", - дейді Тұнық Ұзақова.  

Алматы Республикалық спорт колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Ысқақова білім алушылар осы республикаға бағынышты Каркен Ахметов атындағы мектеп интернат коллеждіне және Шаңырақ шағынауданындағы мектеп-интернат коллеждге орналастырылатынын айтты.

"Сол бойынша қазір жұмыстар жүріп жатыр. Жаңа ата-аналар айтып отырғандай балаларымыз далада қалады деген әңгіме жоқ", - деді ол.  

Мәселенің мән жайын оқытушылар да түсінбей дал. 500-ге жуық тәлімгердің ендігі тағдыры не болары белгісіз. Ал студенттер биыл оқуды осы жерден бітіреді.

Тілші мәліметінше, Республикалық спорт колледжінде 500-ден астам шәкірт бар. Оның 75-і биыл оқу бітіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная