19 сәуір 2020 | 15:24

Алматыда COVID-19 анықталған сегіз адамның жетеуі медицина қызметкері

Иллюстрациялық сурет: Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі 19 сәуірде қалада барлығы COVID-19-дан 513 адам емделіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі 19 сәуірде қалада барлығы COVID-19-дан 513 адам емделіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалада 8 жаңа оқиға анықталды. Олардың қатарында қалалық Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының алты қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың бір қызметкері және провизорлық стационарда карантинде жатқан, науқастармен байланыста болған бір пациент бар", - деп хабарлады әкімдік өкілі.

Реклама
Реклама

Жұқпалы стационарларда Алматы облысындағы пациентті қосқанда коронавирустан барлығы 427 адам ем қабылдап жатыр. Үш адамның жағдайы өте ауыр, алты науқастікі ауыр, 121 адамда орташа, қалғандары қанағаттанарлық.

84 адам сауығып шықты.

Провизорлық госпитальдарда 278 адам, карантиндік оқшаулауда 431 адам, үйдегі карантинде 9687 адам жатыр. Елімізде коронавирус жұқтырған барлығы 1661 адам бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная