14 қаңтар 2022 | 13:24

Алматыда COVID-19 жұқтыру дерегі көбейгені Жаңа жылға және тәртіпсіздіктерге байланысты ма?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қаланың бас санитария дәрігері Алматыда омикорон штамына байланысты сырқаттанушылықтың артуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаланың бас санитария дәрігері Алматыда омикорон штамына байланысты сырқаттанушылықтың артуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифингте қаланың бас санитария дәрігері омикрон штамы анықталған сынамалар науқастардан желтоқсанда алынғанын айтты. Жеті жағдайдың бесеуі жергілікті тұрғындардан, екеуі шетелден келгендерден анықталған. Басқа вирус жұқтырған науқастар да шетелден келушілермен байланыста болуы мүмкін.

"Жаңажылдық мереке кезінде және Алматыда болған оқиғаларға байланысты ПТР-тест саны азайды. Инфекцияны анықтау аз болды. Қазір инфекцияны анықтау үшін зертханаға баратындар жиіледі және жаңа жағдайлар саны көбейе бастады. Бүгінде тәулігіне 6 мыңнан аса зерттеу жүргізіледі, бұл желтоқсандағы зерттеулер деңгейінде. Аурудың көбеюіне жаңажылдық мерекелер немесе Алматыдағы қайғылы оқиғалар әсер етті деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, егер қалада омикрон айналымы жалғаса берсе, оның эпидемиялық ерекшелігі дәл осы жоғары жұқпалығында. Мерекелерден және белгілі оқиғалардан кейін халық арасында байланыс көбейген сайын ауру саны біртіндеп артады", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Реклама
Реклама

Қаланың санитария дәрігерінің айтуынша, халықтың көп жиналуына қойылған шектеулер де осыған байланысты.

Еске салайық, Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай нашарлауына және омикрон штамының таралуына байланысты жаңа қаулыға қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная