Алматыда дабыл қосылды: не себепті?

Фото:depositphotos.com

Алматыда 6 ақпанда сағат 11:00-де дабыл іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 6 ақпанда сағат 11:00-де дабыл іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, бүгін таңертең "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында қаланың дабыл беру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізілген.

Тексеру барысында қаланың дабыл жүйесіндегі техникалық құралдар кешені қысқаша іске қосылған.

Реклама
Реклама

"Баршаңыздың назарына!" дыбыстық сигналы – төтенше жағдайдың туындау немесе қауіп төнуіне байланысты барлық шұғыл хабарламаларды таратудың алдында тұрғындардың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

"Алматыдағы дабыл беру жүйесінің техникалық тексерісі жабдықтардың дайындық деңгейін сақтау және тұрғындарды ықтимал төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілді. Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар ету – қауіпсіздіктің негізгі шараларының бірі, ол кез келген апат немесе табиғи құбылыстардың кері әсерінен тұрғындарды қорғауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама