ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2024 | 16:07
Алматыда дәмхана жанына салынған нысанды сүру басталды
Алматыда тағы бір заңсыз жапсарлас құрылысты сүру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда тағы бір заңсыз жапсарлас құрылысты сүру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы, 40/1 бойында орналасқан Degirmen кафесіндегі жапсарлас құрылыстың бұзыла басталғаны туралы хабарлады.
"Сот шешімі бойынша, ол заңсыз деп танылды. Тамақтану желісінің нүктесі рұқсат құжаттарынсыз салынған жапсарлас құрылыста орналасқан.
Былтырғы 19 маусымда басқарма заңбұзушылық деректері бойынша ҚР ӘҚБтК-ның 319, 322-баптарының 1-бөлігі бойынша "Ала кафе" ЖШС қатысты шаралар қабылдады", - делінген хабарламада.
2023 жылдың 20 шілдесінде әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қосымшаны заңсыз деп тапты, алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірген.
"Алматы сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды. Бүгін сот шешімін орындау мақсатында бұзу жұмыстары басталды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также